QazIndustry-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс сабағы өтті. Комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен өткен кезекті оқыту дәрісіне Әкімшілік және құқықтық, Экономика және қаржы және  Корпоративтік даму орталықтарының мамандары қатысты.

 Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. 

QazIndustry Комплаенс-қызметінің директоры Қанат Мақуш атап өткендей, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті»,-деп атап өтті Комплаенс-қызметтің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry-де осындай түсіндіру және оқыту іс-шаралары тоқсан сайын өткізіледі.