Талдамалық қызметтер
«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы тұрақты негізде өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалары, атап айтқанда, металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия, жеңіл, фармацевтика, ағаш өңдеу, жиһаз және қағаз бойынша ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізеді.
Негізгі аналитикалық қызмет мыналарға бағытталған:
1. Жетекшілік ететін салаларды терең талдау: нарықтарды зерттеу, факторлар мен кедергілерді анықтау, жүйелі және нақты ұсыныстар әзірлеу;
2. Өңдеу өнеркәсібі саласында өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру;
3. Өңдеу өнеркәсібін дамытудың экономикалық модельдерін болжау және дайындау;
4. Ел экономикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
5. Өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі идеялар мен ұсыныстарды интеграциялау;
6. Тауарларды оқшаулау бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру;
7. Өнеркәсіптегі проблемалық мәселелер бойынша кейстерді шешу;
8. Мемлекеттік қолдау шаралары үшін инвестициялық жобалардың салалық қорытындылары мен сараптамаларын дайындау.
QazIndustry сондай-ақ квазимемлекеттік сектор үшін де, бизнес-құрылымдар үшін де талдамалық зерттеулер бойынша коммерциялық қызметтер көрсетеді.
Біздің жұмыстар:
- «Химия өнеркәсібінің жай-күйі және кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы» талдау;
– «ЕАЭО-ның өнеркәсіптік кешендері мен ортақ нарығын талдау негізінде мүше мемлекеттердің (ЕАЭО) өнеркәсіптік ынтымақтастығын дамыту есебінен импортты алмастыру міндеттерін шешу» тақырыбына есеп;
- «Хэбэй Хуатонг Групп» АҚ үшін «Қазақстан Республикасында кабельдік өнім нарығын дамыту» талдамалық зерттеуі;
- «Зерде-Керамика» ЖШС үшін «Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту саласындағы зерттеулер» ;
- «Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіп нарығын дамыту» «Йкк металл ве пластика урюнлери Санайи ве тиджарет» үшін;
- «Даму» КДҚ» АҚ үшін «ҚР туристік саласын дамытуға шолу» және т. б.