Қазақстандық n-ксилол экспортының көлемі 9 есеге өсті

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында n-ксилол экспорты 8,7 есе өсті. Өткен жылдың осы кезеңінде Қазақстан 13,2 мың тонна өнім экспорттаса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 115,4 мың тоннаға жетіп отыр. Өсім Қытай елі тарапынан өнімге сұраныстың артуымен байланысты болып отыр.

N-ксилол-химиялық синтездегі маңызды шикізат. Оны терефтал қышқылын өндіру үшін қолданады, ол өз кезегінде полиэфирлерді, атап айтқанда полиэтилентерефталатты - бөтелкелер мен басқа контейнерлер, талшықтар, пленкалар, құрылғылардың пластикалық бөлшектері және т.б. жасалған ыстыққа төзімді пластикті алу үшін қолданылады.

Қазақстанда n-ксилолды Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіреді.

N-ксилол экспортының көлемі, мың тонна.

 

Көрсеткіштің атауы

2023ж.

қаңтар-қыркүйек

2024ж.

қаңтар-қыркүйек

Өсім динамикасы

N-ксилол

13,2

115,4

+8,7 есе

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚР ҚМ МКК