2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанда өңделген тас өндірісі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60,1%-ға артты. Бұл туралы «QazIndustry» АҚЖеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясыхабарлады.
Өндіріс көлемінің өсуі Алматы облысының үлесімен қамтамасыз етіліп отыр.
Еліміздегі өңделген тастың негізгі өндірушілері «Qazaq Mining Company» ЖШС (Жамбыл облысы), «Гранит Дорстрой» және «Асыл-тас&К» (Алматы облысы) және басқа да кәсіпорындар болып табылады. Өңделген тастар түрлі салаларда қолданылады. Атап айтсақ, құрылыс пен қаптау жұмыстарында, интерьер бөлшектері мен жиһаз, сантехника жасауда, сондай-ақ шыны және керамика өндірісінде пайдаланылады.
Өңделген тас өндірісінің динамикасы
|
Өндіріс көлемі |
2024 жылғы қаңтар |
2025 жылғы қаңтар |
Өсім |
|
Қазақстан, тонна |
12 501 |
20 015 |
+60,1% |
|
Алматы облысы, тонна |
2 704 |
10 190 |
+ 3,8 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК
