2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шаш күтіміне арналған өзге де өнімдердің экспорты 5 есеге өсіп, 473,5 тоннадан 2 390,3 тоннаға жетті. Мұндай өсімге ТМД елдері мен Грузия тарапынан өнімдерге деген сұраныстың артуы ықпал етті.
Қазақстанда бұл өнімдерді «Аврора Өндірістік кешені» (Алматы), сондай-ақ Goldman and Young және Microhim (Алматы облысы) компаниялары шығарады.
Айта кетсек, шаш күтіміне арналған өнімдер қатарына косметикалық құралдар, шашқа арналған шайғыштар мен лосьондар кіреді.
Шаш күтіміне арналған өнімдердің экспорт көлемі, тонна
|
Атауы |
2023 ж. қаңтар-желтоқсан |
2024 ж. қаңтар-желтоқсан |
Өсім |
|
Шаш күтіміне арналған өнімдер |
473,5 |
2 390,3 |
+5,0 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚР ҚМ МКК
