2026 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша паллеттер, поддондар және басқа да жүк тиеу тақталарын экспорттау көлемі 4,7 есеге артып, 391,5 мың АҚШ долларынан 1 843,4 мың АҚШ долларына дейін жетті. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.
«Мұндай жоғары көрсеткіш Германияға (97,1%), Қырғызстанға (2,5%), сондай-ақ ТМД елдеріне экспортты ұлғайту есебінен қол жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазақстанда паллеттер, поддондар және тиеу тақталарын өндіретін негізгі компаниялар қатарында «Ekolabrecycling», «Энергия 2000», «Леспромтара», «Спутник LTD» және басқа да кәсіпорындар бар.
