2026 жылдың қаңтар–наурыз айлары аралығында құрылыс материалдары өндірісі саласына тартылған инвестиция көлемі 81,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,3 еселік өсім көрсетті. Бұл туралы QazIndustry жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлайды.
«Инвестиция көлемінің артуы саладағы 38 инвестициялық жобаның іске асырылуымен байланысты», – делінген хабарламада.
