Қазақстанда талшықты-оптикалық кабельдер өндірісінің айтарлықтай өскені байқалады. «QazIndustry» машина жасауды дамыту дирекциясының хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өнім шығару көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе артқан.
«Құндық мәндегі көрсеткіштер 2025 жылғы 2 897,6 млн теңгеден ағымдағы жылы 4 578,6 млн теңгеге дейін өсті», – делінген хабарламада.
Бұл өнім түрін шығаратын негізгі өндірістік қуаттар Қарағанды облысындағы («Kazcentrelectroprovod» ЖШС) және Атырау облысындағы («Континент Ко ЛТД» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС) кәсіпорындарда шоғырланған.
