Қазақстанда шыныталшық өндірісі 2,3 есеге өсті

2026 жылғы қаңтар–шілде айларында Қазақстанда шыныталшық өндірісінің көлемі 2,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есеге жоғары. Заттай мәнде өндіріс көлемі 2,8 есеге - 303,9 тоннадан 864,7 тоннаға дейін өсті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Шыныталшық өндіретін негізгі өндірістік қуаттар Шығыс Қазақстан облысында («ВК-Спецматериалы» ЖШС және «Hayman Factory») және Астана қаласында («Флагман Казахстан» ЖШС және «Insulation Industry KZ») шоғырланған.

Сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру саласында инвестициялық белсенділіктің оң динамикасы байқалады.

«Есепті кезеңде инвестиция көлемі 207,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары. Мұндай динамикаға биыл салада іске асырылып жатқан 38 инвестициялық жобаның жүзеге асуы әсер етті», - деп хабарлады дирекция.