01
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу
  • Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
  • Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу
  • Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
  • Цифрлық технологияларды енгізу
Толығырақ
02
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу ІШКІ НАРЫҚҚА

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай шығын түрлері бойынша:

1) Халықаралық сертификаттаудан өтуге байланысты және қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындарға, оның ішінде:

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау жүргізуге;

сынақ нәтижелерін сараптауды қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге;

инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

сертификаттарды тіркеуге;

сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға.

2) аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

сәйкестендіру құралдарын сатып алуға;

өнімді шығару кезеңінде сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе инженерлік материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жүргізіледі.

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін, жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар.

Толығырақ