Бірыңғай индустрияландыру картасы
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын, оның ішінде Бірыңғай индустрияландыру картасына кіретін жобаларды іске асыру мониторингі және талдау мәселелері бойынша жұмысты, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді үйлестіреді.
Тұрақты негізде Бірыңғай индустрияландыру картасын сүйемелдеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік және консультациялық қолдау жүргізіледі.
QazIndustry Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін негізгі көрсеткіштерімен өнеркәсіптік-инновациялық жобалар тізбесін және қоса беріліп отырған материалдарды қарау (мәліметтерді талдау) бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ Бірыңғай индустрияландыру картасы мәселелері бойынша штаб отырысына дайындық шеңберінде талдамалық және ақпараттық қолдау көрсетеді.