Өнеркәсіптік кооперация

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтер көрсету және елдегі  өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстар орнату бойынша ұйымдастыру, оңтайландыру және үйлестіру арқылы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
QazIndustry-дің бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша маңызды жобаларының бірі Дүниежүзілік банкпен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп іске асырылатын Жеткізушілерді дамыту қызметі болып табылады.

Өнім берушілерді дамыту қызметінің жобасы

QazIndustry отандық жеткізушілерге ұзақ мерзімді кепілдендірілген шарттар жасасуға көмектеседі.
Біз ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді шарттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өткіземіз, сондай-ақ тұрақты сұранысқа ие тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру және оларға әлеуетті отандық өндірушілердің тізімін айқындау үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарлары мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар мен материалдар қалыптастырамыз. Қазіргі уақытта 25 ұзақ мерзімді шарт бойынша көмек көрсетілді.
Жыл сайын ірі, орта және шағын бизнестің, жер қойнауын пайдаланушылар компанияларының және жүйе құраушы кәсіпорындардың қатысуымен субконтракт биржасы өткізіледі.

«Субконтракт биржасы» кіші бөлімі

Олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша әлеуетті және шараларды айқындау мақсатында «Кәсіби көрсетілетін қызметтер» секторының дамуын талдау.
Кәсіби қызметтер секторындағы құзыреттерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында кәсіпорындардың бейінді қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізіледі.
Осы жұмыс шеңберінде бейінді қызметтер (геологиялық барлау, инжиниринг, оқыту, консалтинг және АТ қызметтер) бойынша отандық өнім берушілердің картасы қалыптастырылды және жүйе құраушы кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар мен холдингтер үшін неғұрлым талап етілетін көрсетілетін қызметтер айқындалды.