Еңбек өнімділігін арттыру
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ негізгі міндеттерінің бірі өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мен өндіріс факторларын талдау, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұсынымдар қалыптастыруға бағытталған.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші экономика мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің әмбебап индикаторы болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) зерттеулері еңбек өнімділігінің өсуі халықтың табысы мен әл-ауқатын арттыруда негізгі рөл атқаратынын көрсетеді.
Еңбек өнімділігі – индустриялық дамудың көптеген факторларын қамтитын және оған қатысты кең ұғым және мәселенің маңыздылығы осы көрсеткіштің барлық негізгі элементтерін жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Ағымдағы міндеттер шеңберінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін өндірістік-экономикалық факторлар, еңбек өнімділігінің өсу драйверлері болып табылатын Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ одан әрі құрылымдық қайта құрулар үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында еңбек өнімділігінің өсу деңгейіне теріс әсер ететін сын-қатерлер мен тосқауылдар қаралады.
Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанда еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жүйелі және атаулы сипаттағы шаралар бойынша ұсынымдар әзірленетін болады, оның ішінде:
- қатысушы кәсіпорындарға атаулы қолдау қалыптастыру, оның ішінде сараптамалық және әдіснамалық қолдау;
- үлгі ағындарын құру мақсатында үнемді өндіріс құралдарын қолдана отырып, өндірістік және кеңсе процестерін оңтайландыру;
- тұрақты жетілдіру мәдениетін енгізу үшін инфрақұрылымды құру және жобалық басқару жүйесін қалыптастыру;
- қызметкерлерді өндірістік алаңда оқыту және кейіннен білім беру үшін жаттықтырушыларды тәрбиелеу;
- басшылар мен қызметкерлерді өндірістік мәдениетті трансформациялауға дайындау.