Өңірлерді дамыту

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Қазақстан Республикасы өңірлерінің индустриялық-инновациялық даму мониторингін қоса алғанда, елдің өңірлік даму мәселелері бойынша жұмысты, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі саласында мамандануды одан әрі дамыту және тереңдету және өңірлердегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді үйлестіреді.

Индустрияландыру картасын және Өңірлердің кәсіпкерлікті қолдау карталарын сүйемелдеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдіснамалық және консультациялық қолдау тұрақты негізде жүргізеді.

QazIndustry сондай-ақ Қазақстан Республикасының кластерлік даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруға және үйлестіруге, оның ішінде кластерлердің жай-күйіне кейіннен мониторинг жүргізе отырып, кластерлік бастамалардың тізілімін жүргізуге уәкілетті.

Біздің талдаушылар өңірлерді қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және оны өңдеу өнеркәсібі саласында іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады.

Қазақстан өңірлерінің ресурстық әлеуетін ескере отырып, өңірлерді дамытудың ағымдағы жағдайын, перспективаларын, мүмкіндіктерін зерделеу үшін талдамалық зерттеулер жүргізеді.