Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ – Қазақстандағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (АЭА/ИА) үйлестірушісі болып табылады.
QazIndustry-дің Бірыңғай үйлестіру орталығы ретіндегі негізгі міндеттері – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту, ілгерілету және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Бірыңғай үйлестіру орталығы тұрақты негізде АЭА мен ИА-лардың жұмыс істеу жүйесін және бизнес-процестерін жетілдірумен, басқарушы компаниялар мен резиденттердің мүдделерін қорғаумен, құқықтық реттеу тиімділігін арттырумен, формалды кедергілерді жоюмен және Қазақстандағы АЭА мен ИА-ларға инвестиция тартуға ынталандыру тетіктерін құрумен айналысады.
Бүгінде Қазақстан аумағында 15 арнайы экономикалық аймақ және 55 индустриялық аймақ жұмыс істейді.
Таныстырылым: «Қазақстанның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары»