Қоғам Басқармасы

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының Басқармасы алқалы атқарушы орган болып табылады, оның құзыретіне Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен және «QAZINDUSTRY» АҚ Жарғысымен «QAZINDUSTRY» АҚ-ның басқа басқару органдарының құзыретіне жатқызылмаған «QAZINDUSTRY» АҚ қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады. «QAZINDUSTRY» АҚ Басқармасы акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Басқарманың негізгі міндеттері «QAZINDUSTRY» АҚ қызметінің стратегиясы бойынша ұсыныстар әзірлеу, «QAZINDUSTRY» АҚ Қаржы-шаруашылық саясатын іске асыру, оның ағымдағы шаруашылық қызметінің маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және оның бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру, бақылау жүйесінің және тәуекелдер мониторингі жүйесінің тиімділігін арттыру, акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Қайыру Развернуть

Бектембаев Әділет Ерғалиұлы

Басқарма төрағасының орынбасары

Бежентаев Ғалымжан Асығатұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Біздің команда

Елішілік құндылықты дамыту дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Елішілік құндылық дирекциясы елішілік құндылықты дамыту және мониторингілеу саласында кешенді ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызмет көрсетеді. Ол тау-кен өндіру кешенінің жер қойнауын пайдаланушыларының міндеттемелерін «Тізілім» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы талдайды. Сонымен қатар, дирекция ірі тапсырыс берушілер үшін елішілік құндылықты дамыту бағдарламалары мен олардың үлгілік нысандарына арналған ұсынымдар әзірлейді және оқыту семинарларын өткізеді.

Байдаулет Нуржан Жомартулы

Телефон:
Email:

Машина жасау саласын дамыту дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Машина жасау саласын дамыту дирекциясы ағымдағы жағдайды, жүйелік проблемаларды, әлемдік трендтерді ескерумен, перспективаларды, өңдеу өнеркәсібі салаларының дамуына әсер ететін мүмкіндіктер мен тәуекелдерді зерттеуге бағытталған ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізумен айналысады. Өңдеу өнеркәсібі салаларының дамытудың негізгі даму аспектілерін терең зерттеуге бағытталған, соның ішінде, бәсекелестікті арттыру мәніне зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі салаларының өсуі мен дамуына ықпал ететін, сондай-ақ, кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған тұжырымдамалық тәсілдер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді.

Балтабаев Бердибай Онгарович

Телефон: ішкі 1078
Email: b.baltabayev@qazindustry.gov.kz

Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Дирекция жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі, және құрылыс материалдары өндірісі салалары бойынша ағымдағы жағдайын, жүйелік проблемаларын, тәуекелдері мен кедергілерін зерделеуге бағытталған талдау мен зерттеулер жүргізеді. Жүргізілген талдау негізінде Дирекция өнім өндірісін дамыту үшін неғұрлым перспективалы тауашаларды анықтайды және басым бағыттарды айқындау бойынша ұсыныстар дайындайды, оларды дамыту бойынша жүйелі және нақты ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар, әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесін енгізу мүмкіндіктерін қарастырады.

Сагимбеков Махсат Мейрамханович

Телефон: ішкі 1048
Email: m.sagimbekov@qazindustry.gov.kz

ТМК саласын дамыту дирекциясы

Басшы

Тау-кен металлургия саласын дамыту дирекциясы салада ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізеді, ағымдағы жағдайды, әлемдік трендтерді, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді, сондай-ақ жүйелі мәселелерді талдайды және осы негізде саланы дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеп, сараптамалық қорытындылар дайындайды, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік реттеу шараларын қарастырады.

Химиялық өнімдерді дамыту дирекциясы

Басшы

Химиялық өнімдерді дамыту дирекциясы тау-кен металлургия саласында ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізеді. Ол ағымдағы жағдайды, әлемдік үрдістерді, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді, сондай-ақ жүйелік мәселелерді зерттеп, сала дамуына арналған ұсыныстар мен ұсынымдар, сараптамалық қорытындылар дайындайды. Сонымен қатар, отандық өндірушілерді қолдау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік реттеу шараларын қарастырады.

Ақпараттық технологиялар дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Ақпараттық технологиялар дирекциясы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» және «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйелерін кешенді ақпараттық-технологиялық, техникалық сүйемелдеумен және олардың функционалын кеңейтумен айналысады.

Акшалова Айгерим Абаевна

Телефон: ішкі 3102
Email: a.akshalova@qazindustry.gov.kz

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау дирекциясы кәсіпорындарға Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілу және оның жұмыс істеуі, отандық өндіруші мәртебесін растау, локализация талаптарын орындау бойынша әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді. Бұл талаптар реттелетін сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін басты шарт болып табылады. Қазақстандық тауар өндірушілерді дамыту және қолдауға арналған нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен кәсіби сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, дирекция салалық сараптама мен өзекті талдау жүргізеді.

Осеманов Дидар Амангельдинович

Телефон: ішкі 6104
Email: d.jssemanov@qazindustry.gov.kz

Индустриялық саясат дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Индустриялық саясат дирекциясы өнеркәсіптік-инновациялық даму саласында мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысады, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-инновациялық дамуы саласында зерттеулер ұйымдастырады.

Бухарбаева Асем Бакеновна

Телефон: 4106
Email: a.bukharbayeva@qazindustry.gov.kz

Деректерді талдау және өңдеу дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Деректерді өңдеу және талдау дирекциясы өңдеу өнеркәсібі мен оның салаларының көрсеткіштері мен индикаторлары бөлігінде Қоғам қызметін ақпараттық қамтамасыз етумен, сондай-ақ, Қоғам зерттеулерінің сапасын жақсарту бойынша әдіснамалық және талдамалық ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар, экономикалық-математикалық модельдер мен басқа да болжау құралдарын, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштерін және салалық бағдарламалардың нысаналы индикаторларын болжау жүйесін әзірлеумен және тұрақты негізде жетілдірумен айналысады.

Калиева Камила Каблахатовна

Телефон: ішкі 1002.
Email: k.kaliyeva@qazindustry.gov.kz

Экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық дирекциясы халықаралық экономикалық интеграция шеңберінде отандық өнеркәсіп мүдделерін қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының саясатын қалыптастыруға ықпал етеді және ұсыныстар жасайды, сондай-ақ, өнеркәсіптік кооперация және Қазақстан Республикасының басқа елдермен екіжақты қарым-қатынасы шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын анықтау мақсатында сауда-экономикалық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуге қатысады.

Бекенова Еркежан Мұратқызы

Телефон: ішкі 1026.
Email: ye.bekenova@qazindustry.gov.kz

Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы өңдеуші өнеркәсіптегі өнеркәсіптік-инновациялық жобалар, оның ішінде бірыңғай индустрияландыру картасы жобаларының тізбесін қалыптастырады және өзектендіреді; өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың мониторингі мәселелері бойынша ақпараттық-әдіснамалық және консультациялық қолдауды жүзеге асырады; ағымдағы ахуалға мониторинг жүргізеді, тәуекелдерді анықтайды; өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Күздеубаев Нұртас Қайратұлы

Телефон: ішкі 1162
Email: N.Kuzdeubayev@qazindustry.gov.kz

Мемлекетті ынталандыру шаршалары дирекциясы

Басшы

Орынбасар

Мемлекеттік ынталандыру шаралары дирекциясы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қоғам ұсынатын мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен механизмдері бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шығындарды өтеу туралы келісім бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мониторинг жүргізеді.  Сонымен қатар, субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға арналған өтінімдерін қарайды және өз құзыреті шегінде өтінімдерге құқықтық және қаржылық сараптама жүргізеді.

Ерсариева Айза Базарбайқызы

Телефон: 1042
Email: a.yersariyeva@qazindustry.gov.kz

Маркетинг дирекциясы, баспасөз қызметі

Басшы

Маркетинг дирекциясы мен баспасөз қызметі қоғамның қызметін медиа арқылы сүйемелдеп, оның ақпараттық кеңістіктегі негізгі оқиғалары, жобалары мен жетістіктерін жедел және жүйелі түрде жариялауды, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қоғаммен байланыс департаменттері мен БАҚ-пен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді, қоғамның танымалдығын арттырып, оларға деген сенімділікті нығайтады, сондай-ақ қоғамның қызметі мен ұсыныстарын ілгерілетуге бағытталған маркетингтік құралдар мен коммуникациялық іс-шараларды әзірлеумен және іске асырумен айналысады.

Цифрландыру және трансформациялау дирекциясы

Басшы

Цифрландыру және трансформациялау дирекциясы өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне Индустрия 4.0 енгізуге ықпал етеді, сондай-ақ, өнеркәсіп/экономика салаларындағы қызмет субъектілерін дамытуға бағытталған цифрлық шешімдерді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Әкімшілік және құқықтық жұмыс орталығы

Басшы

Әкімшілік және құқықтық жұмыс орталығы Қоғам қызметін құқықтық, кадрлық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алудар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы орындауды ұйымдастырады және бақылайды.

Экономика және қаржы орталығы

Басшы

Экономика және қаржы орталығы қаржылық-экномикалық қатынастарды қалыптастырады және реттейді, QazIndustry-де бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, QazIndustry қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлаумен айналысады.

Комплаенс қызметі - Орталығы

Басшы

Директорлар кеңесіне және Басқармаға Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерін орындауға қажетті көмек көрсету Комплаенс қызметінің миссиясы болып табылады. Қоғамның және оның қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету Комплаенс қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Ақпараттық қауіпсіздік қызметі

Басшы

Ақпараттық қауіпсіздік қызметі Қоғамның қауіпсіздік жүйелерін әзірлеумен және енгізумен айналысады, олардың жұмысын бақылайды, пайдаланылатын ақпаратты қорғау құралдарының тиімділігін талдайды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады, ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізеді және оның тәуекелдерін бағалайды. Қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және Қоғам сүйемелдейтін өзге де жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тәуекел-менеджер

Басшы

Корпоративтік хатшы

Басшы

Директорлар кеңесінің қызметін және Басқарманың Жалғыз акционермен өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру мақсатында Директорлар кеңесі Қоғамның корпоративтік хатшысын тағайындайды. Корпоративтік хатшы - Қоғамның Директорлар кеңесі комитеттерінің хатшысы болып табылады.