Джо Сун Вон: Қазақстан сандық жүйеге көшуде дұрыс жолды таңдады

Барлық саланы сандық жүйеге көшіру біздің өмірімізді өзгертеді.

Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық форумға қатысқан шетелдік сарапшылар айтты. Цифрландыру барлық қызмет түрін автоматтандырып, халықтың тұрмысын жақсартады. Алайда, инновациялық технологияларды енгізу жұмыс орындарының қысқаруына әкелетіні де шындық. Оңтүстік кореялық ірі компанияның маркетинг бойынша жетекшісі Джо Сун Вон мұны цифрландырудың кемшілігі деп есептемейді. Жойылған мамандықтардың орнына жаңасы пайда болады.

Олар «ақылды» технологияны басқарады», - дейді ол.  

Джо Сун Вон, «POSCO ICT» компаниясының меркетинг бойынша жетекшісі:

- Қазақстан сандық жүйеге көшуде дұрыс жолды таңдады. Бұл ретте мен сіздердің президенттеріңіздің стратегиясын қолдаймын. Ол индустриализацияға үлкен мән беріп отыр. Өндірістік революция зауыт-фабрикаларды автоматтандырып ғана қоймайды, ол барлық салаға серпін береді. «Ақылды» технологиялар бәрін жасай алады. Алайда ол адамның қызметінсіз тек жәй машина болып қалады. Сондықтан қазіргі уақытта адамдар заманауи компьютерлердің көмекшісі болу керек.