ИИДМБ аясында 1148 өндіріс іске қосылды

ИИДМБ аясында қандай жобалар іске қосылғаны туралы Индустрияландыру бағдарламалар орталығының бас сарапшысы Рымтай Ақатаева айтып берді.

2010-2017 жылдары индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында қанша жоба жүзеге асырылды? Қанша жұмыс орны ашылды? Қандай нақты жобаларды атап кетуге болады? 

     Қазақстанда Индустрияландыру шеңберінде жыл сайын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар кеңейтіліп, модернизациялануда, сонымен қатар жоғары деңгейде өңделген өнім өндіретін жаңа жоблар іске асырылып жатқанын атап айтқан жөн.  Металлургия саласында біз базалық металды өндіруден дайын бұйымды өндіруге көштік, яғни қазіргі таңда біз алюмини дисктарын, болат тұрбаларын, рельстарды, арматураны тағы басқа көптеген дайын отандық бұйымдарды өндіреміз.

     Индустрияландыру жылдарының қорытындысы бойынша (2010-2017 жылдар) жалпы құны 6,1 трлн. теңгені құрайтын 1148 жаңа жоба іске қосылды, сонының шеңберінде 107 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 

     2017 жылы шамамен 1,5 трлн. теңгені құрайтын 120 жоба іске қосылды, ол 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ауыз толтырып айтатын жобалар өте көп, дегенмен соның ішінде атап өтетін жобалар болып: 

     Атырау облысындағы роботосварка әдісін қолдана отырып, металл конструкцияларын өндіру зауыты («Жігермұнайсервис» ЖШС);

     Жамбыл облысындағы құрғақ құрлыс қоспаларды, жұқа ұсақ толтырғыштарды және гипсты өндіретін зауытты («Alina Holding» ЖШС);

     Алматы облысындағы шыны өндіретін зауыты (Алматы шыны ЖШС);

     Жамбыл облысындағы жұқа ұнтақ толтырғыштар өндіретін зауыт («ҚаратауПРО» ЖШСнің);

     «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында легірленген алюмини өндіру («Giessenhaus» ЖШС); 

    
Алдағы уақытта қандай жобаларға басымдық беріледі?

     Биылғы жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 1 трлн. теңгеге 15  мың тұрақты жұмыс орнын құратын 150 аса жаңа жобаны іске қосу жоспарлануда.

     соның ішінде атап өтетін жобалар болып:

1.     Алматы қаласында салынатын үлкен диаметрлі дәнекерленетін болат тұрбаларын өндіру зауыты (ТОО «Эйжа Стил Пайп Корпорейшн»)

2.     Жамбыл облысында үшхлорлы фосфор және глифосат өндіру "Біріккен химия компаниясы" ЖШС

3.     Ақмола облысында бройлерлерді өсіретін құс фабрикасы ТОО «Макинская птицефабрика»

4.     Қарағанды облысында ферросилиций өндіру ТОО «YDD Corporation»

5.     Павлодар облысында техникалық кремниді өндіру ТОО «ANSA Silicon»

 

Бүгінгі таңда қайта өңдеу саласының өндірістегі үлесі қандай?

Қазақстанда индустрияландыру жылдары ішінде жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған жаңа тауарлар өндіру меңгерілді, мысалға локомотивтер, электровоздар, автокөлік, тау кен және мұнай газ құралдары және тағы басқа өнімдерді өндіру толығымен меңгерілді.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны бесжылдық максималды мәніне жетіп – 5,1% құрады. Өсім фармацевтика, автокөлік өндіру, электротехникалық машина жасау, химия өндірісінде және азық-түлік өнімдерін өндіру саласында байқалады.

Нәтижесінде 2017 жылы 2010 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30,5% дан 40,4% өсті.

 

Индустрияландыру бағдарламасы қабылдағаннан бері елімізге қанша инвестиция тартылды? Тартылған инвестиция қай салаға бағытталуда?

     2010 жылдан бері елімізге 177 млрд. АҚШ долларынан астам шетел инвестициялары тартылды. Сонымен қатар 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 28 млрд. АҚШ долларын құрай отырып, өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей шетел инвестицияларының үлесі 10,1% дан 24% өсті. Көбіне инвестициялар металлургия, азық-түлік, сусындар мен темекі өнімдерін өндіру салаларына тартылған.

 

Видео