QazIndustry discussed the draft rules on industrial grants with representatives of NCE «Atameken»

2021 жылғы 26 мамырда QazIndustry «Атамекен» ҰКП, өңірлік кәсіпкерлік палаталары, салалық қауымдастықтар, сондай-ақ қауымдастыққа мүше кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік ынталандыру шаралары, сондай-ақ өнеркәсіптік грант беру қағидаларының жобасы бойынша вебинар-кеңес өткізді.
Белсенді талқылауға 200-ден астам адам қатысты.
QazIndustry спикерлері қатысушыларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тәртібімен және қағидаларға енгізілетін өзгерістермен таныстырды.
Сондай-ақ, QazIndustry индустрияландыру бағдарламасы аясында енгізілетін өнеркәсіптік грант беру қағидаларының жобасын ұсынды. Гранттың мақсаты – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.
«QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов атап өткендей, бұл қолдау шарасы құрал-жабдықты сатып алу және оны өндіріске енгізу үшін 50% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру шарттарында іске асырылатын болады.
Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту пайызын арттыруға және соның салдарынан ішкі нарықта қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігі үшін база қалыптастыруға септігін тигізеді.
Іс-шараға қатысушылар еңбек өнімділігін арттыруға, құжаттар пакетін оңтайландыруға бағытталған шығындарды өтеуді ұсынудың қолданыстағы тетігін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын айтты, сондай-ақ қолдаудың жаңа құралын енгізу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Мемлекеттік ынталандырудың қолданыстағы шаралары туралы толығырақ сайттан білуге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support

Анықтама: «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады және шығындардың келесі түрлерін өтейді:
1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);
2) Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б);
3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);
4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу (лизинг пен ТЭН алу үшін.
Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.