QazIndustry өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған отандық IТ-шешімдер тізілімін құру үшін отандық IТ-компанияларды, ҒЗИ ынтымақтастыққа шақырады


«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басым міндеттерінің бірі бизнес-процестерге  цифрлық технологиялар енгізу арқылы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау болып табылады. Қазақстандық өнеркәсіпке отандық цифрлық шешімдерді жылжыту және енгізу мақсатында QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көмегімен IT-компаниялардың, ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және мемлекеттік органдардың әрі қарай өзара іс-қимылына арналған арнайы алаң құру бойынша жұмыс жасауда. Алаң отандық әзірлеушілерге ірі бизнеске немесе мемлекеттік ведомстволарға өз шешімдерін көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды QazIndustry Цифрлық трансформациялау орталығының директоры  Лаура Жұманалиева. Оның айтуынша, отандық өнімдер тізілімін құру, сондай-ақ, арнайы алаңдағы өзара іс-қимыл өнеркәсіппен IT-компаниялардың технологиялық ынтымақтастық мүмкіндігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді және тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес сапалы және бәсекеге қабілетті өнім жасауға итермелейді. Арнайы алаң келешекте өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағымдағы жағдайы туралы талдамалық ақпараттан және олардың дамуы туралы божамнан, IT-компаниялар және ғылыми-зерттеу институттары (соның ішінде, отандық өнімдер мен ғылыми зерттеулер) туралы ақпараттан тұратын болады. Осыған байланысты, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған цифрлық шешімдері бар және/немесе оларды әзірлейтін IT-компанияларды, ғылыми-зерттеу институттарын ынтымақтастыққа шақырамыз.

Компанияның қысқаша түйіндемесін, дайын цифрлық шешімдерді және ұсыныстарды үйлестірушілердің электрондық адрестеріне жіберуге болады: Байтелиев Адлет, A.Baiteliyev@qazindustry.gov.kz  тел.: + 7-775 - 000 - 56 - 92.


Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін отандық іт-шешімдер тізілімі