Часто задаваемые вопросы
Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарды өтеу шарттары бойынша кәсіпкерлік субъектілері жиі қоятын сұрақтар тізбесі:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларымен қайдан танысуға болады ?
Жауап: Қағидалармен www.qazindustry.gov.kz сайтында «Бизнесті ынталандыру» бөлімінен таныса аласыз
2. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік– инновациялық қызмет субъектілері шығындарының қандай түрлері өтелуге жатады?
Жауап: Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:
1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жол берілетін техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындар, оның ішінде: отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалауды жүргізуге; сынақ нәтижелеріне сараптаманы қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге; инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге; сертификаттарды тіркеуге; сертификаттарды қайта рәсімдеуге және ұзартуға арналған шығындар;
2) жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын салуға арналған жабдықтарды сатып алуға байланысты шығындары: сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (сатып алуға); өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын салу жөніндегі типографиялық қызметтерді сатып алуға (сатып алуға); инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықтарды сатып алу жолымен өндірісті қайта жарақтандыруға арналған шығындар.
3. Қағидалар шеңберінде веб-портал арқылы өтінімдерді қабылдау көзделген бе?
4. Өтініш беруші өнімнің қазақстандық шығу тегін қандай құжаттармен растай алады?
5. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы қайдан білуге болады?
6. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын кім пайдалана алады?
Жауап: Келесі өнеркәсіптік инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдерін қарастыруға жол беріледі:
1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер;
2) салықтар, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдар бойынша өтінім берілген күнге берешегі жоқ (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі тіркелген және/немесе хабарланған күннен бастап операторға өтінім келіп түскен күнге дейін кемінде 1 (бір) күнтізбелік жыл өткен;
4) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайды;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия
7. Қағидалар шеңберінде өтеудің қандай тарихи кезеңі бар?
8. Қағидалар шеңберінде шығындарды өтеу мөлшері қандай?
9. Индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтеу лимиті бар ма?
Жауап: Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ:
1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК);
Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 3000 (үш мың) АЕК-тен аспайды;
2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.
Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.
10. Шығындарды өтеу қандай валютада жүргізіледі?
11. Салық берешегі бар өтінім қарауға жіберіле ме?
12. Өтінімді қарау мерзімі?
13. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар оның ішінде шетелдік органдар аккредиттеуге жатады ма?
14. Егер өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын болжамды өтеу сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың мөлшерінен асып кететіні анықталған жағдайда, өтеу туралы шешім қабылдау кезінде қандай өтінімдер басымдыққа ие болады?
15. Өтінімді қалыптастыру бойынша толығырақ консультация ала аламыз ба?
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
1. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2022 жылғы 01 маусымдағы № 308 бұйрығымен бекітілген еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларымен қайдан танысуға болады ?
2. Қолданыстағы қағидалар шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қандай мемлекеттік ынталандыру шаралары қолжетімді?
1) қызметкердің құзыреттілігін арттыру;
2) цифрлық технологияларды енгізу;
3) технологиялық процестерді жетілдіру;
4) өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру.
3. Қағидалар шеңберінде веб-портал арқылы өтінімдерді қабылдау көзделген бе?
4. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын кім пайдалана алады?
Жауап: Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды:
- ірі кәсіпкерлік субъектілері;
2) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ірі кәсіпкерлік субъектілері мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
.5. Қағидалар шеңберінде шығындарды өтеу мөлшері қандай?
6. Қағидалар шеңберінде шығындарды өтеу мөлшері қандай?
7. Индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтеу лимиті бар ма?
Жауап: Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне жұмыскерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды қоспағанда, өтінім берілген күнге дейін жиырма төрт айдан ерте емес жұмсалған негізделген және құжатпен расталған шығындар жұмсалған шығындар сомасының 40% мөлшерінде өтеледі (егер бағдарламалық қамтуды әзірлеуге, енгізуге және сатып алуға жұмсалатын шығындар бойынша көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды жеткізуші қызметтер мен жұмыстарды отандық өндіруші болып табылса, сатып алынған бағдарламалық қамту электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган бекіткен сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде болуға тиіс), бұл ретте өтеу сомасы мемлекеттік ынталандырудың әрбір өлшемі бойынша күнтізбелік жылы алпыс миллион теңгеден аспауға тиіс.
8. Салық берешегі бар өтінім қарауға жіберіле ме?
Ұлттық институттың қарауы үшін келесі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі:
1) «Басым тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) бекітілген Басым тауарлардың тізбесіне енгізілген өнімдерді өндірушілер (бұдан әрі – Басым тауарлардың тізбесі);
2) әділет органдарында кемінде күнтізбелік бір жыл тіркелген және/немесе хабарланған күннен бастап ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;
4) өтінім берілген күнге салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ (төлеу мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
5) өтінім берілген күнге дейін алдыңғы 3 (үш) жыл үшін салық аударымдарының жыл сайынғы ұлғаюын қамтамасыз еткен. Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.
.