Миссия мен мақсаттар

Миссиясы

Экспортты ілгерілету, инновацияларды дамыту, тиімді өндірушілерді қолдау жолымен халықаралық нарықтарда өңдеуші өнеркәсіп экономикасы секторларының бәсекеге қабілеттілігін күшейту


Пайымдауы

"Qazindustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ - Өнеркәсіптік дамудың ұлттық Think Tank, Еңбек өнімділігін арттыру, Технологиялық даму, жергілікті қамтуды арттыру және экспортты ілгерілету бойынша бірыңғай оператор.


Мақсаттар

  • Өнеркәсіптік өндіріс тиімділігінің өсуі
  • Өңделген өнім экспортын арттыру
  • Инновациялық өнім үлесін ұлғайту
  • Жергілікті қамтуды арттыру
  • Қазақстан арқылы жүк транзитін ұлғайту және логистиканың тиімділігін арттыру

Қызмет бағыттары

  • Қазақстанның индустриялық саясатын әзірлеу
  • Мемлекеттік қолдау шараларына сүйену
  • Транзитті және логистиканы дамытуды үйлестіру
  • Инновацияларды дамыту
  • Индустриялық инфрақұрылымды дамытуды үйлестіру (АЭА, ИА)

Тапсырмасы

  • Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жүйелі қолдау шараларын көрсету.

  • Өңделген тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  • Өнеркәсіпке сандық технологияларды енгізуді ынталандыру
  • Аумақтық кластерлерді дамыту
  • Өңделген тауарлардың ішкі нарығын дамыту
  • Өңдеуші секторда тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесуе
  • Өңдеуші секторда тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу
  • Өңделген тауарлардың ішкі нарығын дамыту

  • Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларын ұсыну.

  • Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын дамытуды үйлестіру.

  • Мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді қоса алғанда, Қазақстанның индустриялық дамуының "ойлау орталығы" ретіндегі Қоғамның сараптамалық-талдамалық қызметі.

QazIndustry ұмтылыстары

QazIndustry ұмтылысы - Қазақстан экономикасының өңдеуші өнеркәсібі мен аралас салаларының бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету.

QazIndustry 2025 жылға ұмтылысы - Қазақстанның индустриялық дамуының ұлттық Think Tank ("Ойлау орталығы") болу.

Толық ашу

2010
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын талдамалық қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 508 қаулысымен "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы құрылды.
2018
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының "қарапайым заттар экономикасын" дамытуға және экспортқа бағдарланған индустрияландыруға бағытталған тиімді өнеркәсіптік саясат туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Үкіметі өнеркәсіп саласындағы үш негізгі ұлттық даму институттарын: Қазақстандық индустрияны дамыту институтын, Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттікті және NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттікті бірыңғай өнеркәсіптік дамыту орталығына біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылдады.
2019
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. Үкімет қаулысы 2019 жылғы 19 сәуірде өз күшіне енді.
2019
"Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы "QazІndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2019 жылғы 29 сәуірде өз күшіне енді.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы


Ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсібін құруға және дамытуға бағытталған ИИДМБ 2020-2025 іске асыру жағдайында QazIndustry қызметінің бағыттары мен мақсаттарын айқындайды және елдің индустриялық-инновациялық даму процесінде QazIndustry-дің алдағы 5 жылдық кезеңге арналған проактивті рөлін көрсетеді.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 30 наурыздағы шешімімен бекітілген, №04 хаттама


Миссиясы

Қазақстан экономикасының өңдеуші өнеркәсібі мен аралас салаларының бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету.


Пайымдауы

2025 жылға қарай Қазақстанның өнеркәсібі мен сабақтас салаларын дамытудың Ұлттық Think Tank (ой орталығы), сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі тиімді оператор болуға тиіс.

Қоғамның ұзақ мерзімді дамуы ұзақ мерзімді перспективада ұлттық экономиканы дамыту саласында Think Tank орталығы болуға мүмкіндік беретін көшбасшылыққа қол жеткізуге бағытталған.


QazIndustry қызметінің стратегиялық бағыттары

  • Қазақстанның өнеркәсібі мен сабақтас салаларын дамытудың «ақыл-ой орталығы» ретінде сараптамалық-талдау қызметі.
  • Өңдеуші өнеркәсіпте мемлекеттік ынталандырудың жүйелі және тікелей шараларын ұсыну.
  • Өңдеуші өнеркәсіппен аралас салалар мен экономика салаларының дамуына жәрдемдесу.
  • Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын дамытуды үйлестіру.
  • QazIndustry-дың институционалдық дамуы.

Стратегиялық міндеттер мен бастамалар


  • ИИДМБ 2020-2025 ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету



  • Қазіргі заманғы индустрияландыру мен жаһандық үрдістерді жүйелі талдау

  • Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуды қолдаудың жүйелі шараларын іске асыруға қатысу


  • Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларын ұсыну
  • Өңдеу өнеркәсібімен аралас жекелеген салаларды дамытуды сүйемелдеу
  • QazIndustry қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар
  • ИИДМБ 2020-2025 іске асыру нәтижелерін мониторингілеу және талдау. Салаларды, тауар топтарын, тауарларды, ішкі және сыртқы нарықтарды, ҚҚТ шолу және талдау. Салаларды, нарықтарды, интеграциялық процестерді дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау. Бағдарламаны іске асырудың жүйелі ведомствоаралық және үйлестіру проблемаларының шешімдерін әзірлеу.
  • Экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының неғұрлым табысты елдік стратегияларын және Индустриялық даму проблемаларын талдау. Индустрия 4.0 тұжырымдамалары мен тәжірибелерін зерттеу. Ғылыми, сараптамалық және бизнес қауымдастықтармен мақсатты ынтымақтастық.
  • Өңірлік брендтерді, кластерлерді, Индустрия 4.0 құзыреттер орталығын, цифрлық трансформацияның талдамалық платформасын, Қазақстанның интеграциялық процестерін дамытуды сүйемелдеу. Отандық өндірушілердің тауарларын сатып алу, инвестициялар тарту бойынша ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу. Жеткізушілерді дамыту қызметін қалыптастыру.
  • Операторлық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру. Бизнесті қамтуды ұлғайту.


  • Өңдеу өнеркәсібімен шектес салалар мен экономика салаларын дамыту бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу және ұсыныстар әзірлеу. Көлік және логистиканы дамытуды қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру.
  • Корпоративтік басқаруды жетілдіру. Жаңа салалық құзыреттерді игеруді, зерттеулердің инструменталдық аппаратын дамытуды қоса алғанда, құзыреттерді дамыту. Қызметтерді коммерцияландыру. Кеңсені цифрлық трансформациялау, реинжиниринг және бизнес-процестерді автоматтандыру. Базалық еңбек жағдайларын жақсарту. Қолайлы микроклиматты сақтау. Интернетте танымалдылықты арттыру мен ілгерілетуді қоса алғанда, қоғам қызметінің ашықтығын арттыру.