Стратегиялық бағыттар

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы

Ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсібін құруға және дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік-индустриялық дамыту шеңберінде Қоғам қызметінің бағыттары мен мақсаттарын айқындайды және QazIndustry-дің елдің өнеркәсіптік-инновациялық даму процесінде алдағы 5 жылдық кезеңге арналған проактивті рөлін көрсетеді.

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы "15" шілдедегі шешімімен (№06/22 хаттама) жаңа редакцияда бекітілді.

Миссиясы: Қазақстан экономикасының өңдеуші өнеркәсібі мен аралас салаларының бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету.

Пайымы: Қазақстанның өнеркәсібі мен сабақтас салаларын дамытудың Ұлттық ThinkTank ("ақыл-ой орталығы") және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі тиімді оператор

Қоғамның ұзақ мерзімді дамуы ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық экономиканы дамыту саласында ThinkTank болуға мүмкіндік беретін көшбасшылыққа қол жеткізуге бағытталған.

QazIndustry қызметінің стратегиялық бағыттары:

  • Қазақстанның өнеркәсібі мен сабақтас салаларын дамытудың "ақыл-ой орталығы" ретіндегі сараптамалық-талдау қызметі.
  • Өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік ынталандырудың жүйелі және тікелей шараларын ұсыну. ұсыну.
  • Өңдеу өнеркәсіппен аралас салалар мен экономика салаларының дамуына жәрдемдесу.
  • Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын дамытуды үйлестіру QazIndustry институционалдық дамыту.
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізу бойынша ынталандыру
  • QazIndustry институционалдық дамуы

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер

Бағыттары

Мақсаты

Міндеттері

Қазақстанның өнеркәсібі мен сабақтас салаларын дамытудың "ақыл-ой орталығы" ретіндегі сараптамалық-талдау қызметі

Қазақстанның одан әрі өнеркәсіптік-инновациялық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу

1. Өнеркәсіптік-инновациялық дамуды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу

2.Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыруға қатысу

Өңдеу өнеркәсіпте мемлекеттік ынталандырудың жүйелі және тікелей шараларын ұсыну

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

1.Бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамытуды қолдаудың жүйелі шараларын іске асыруға қатысу:

- өңделген тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

- аумақтық кластерлерді дамыту-өңделген тауарлардың ішкі нарығын дамыту

- Қазақстанның интеграциялық процестері шеңберінде өнеркәсіпті дамыту

2.Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларын ұсыну:

- еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеу;

- ішкі нарықта өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша шығындарды өтеу;

- аумақтық кластерлерді дамытуға;

- өнеркәсіптік гранттар

Өңдеуші өнеркәсіппен аралас салалар мен экономика салаларын дамытуға жәрдемдесу

Өңдеу өнеркәсібімен аралас салалар мен экономика салалары кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

Экономиканың жекелеген салалары мен аяларының дамуын ақпараттық-талдамалық және сараптамалық сүйемелдеу.

Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын дамытуды үйлестіру

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыру

1.Үйлестіру функциялары және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

2.Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда басқару сапасын арттыру

3.Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын ілгерілету

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізу бойынша ынталандыру

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту деңгейін арттыру

Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және 4.0 Индустрияны енгізу саласындағы сараптамалық қызмет

QazIndustry-ді институционалдық дамыту

Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру

1. Корпоративтік басқаруды жетілдіру

2. Құзыреттерді дамыту

3.Жекелеген қызмет түрлерін коммерцияландыру

4.Операциялық тиімділікті арттыру

5.Адами капиталды дамыту

6.QazIndustry қызметіндегі ашықтықты арттыру



Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ 2020 - 2024 жылдарға арналған даму стратегиясы