Қазақстандық индустрия дамыту институтымен» ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдары кәсіпкерлік субъектілер арасында үлкен сұранысқа ие екені жасырын емес. 2018 жылы технологиялық процестерді
Цифрландыру үрдісін ескеретін болсақ, 2018 жылы БЖА (басқару жүйелерін автоматтандыру) бойынша шығындарды қайтару көлемі айтарлықтай өсті. Егер 2017 жылы 5 субъектінің 18,8 млн. теңге сомасындағы шығындары өтелген болса, 2018 жылғы 4 айдың көрсеткіштері бойынша 3 кәсіпорынға 146,5 млн. теңге мөлшерінде қолдау көрсетілген.
Соңғы 2 жыл ішінде кешенді жоспар әзірлеп және «БРК-Лизинг» АҚ лизингтік қаржыландыру алған, технико-экономикалық негіздеме экспертизасын өткізген және индустриаландыру Картасына енгізілген экономиканың басымды секторларында қызмет көрсететін барлық кәсіпорындар, индустриялық-инновациялық жобасының кешендік жоспарының сараптамасына және/немесе әзірлемесіне жұмсалған шығындарын қайтара алады.
Негізінде, кәсіпорын құзыреттілігін арттыру бірінші кезекте білім беру бағдарламаларын қалыптастыру шараларына қатысуға, қызметкерлерді оқыту және шетелдік сарапшыларды тарту бойынша үнемі жұмыс жүргізуге міндетті кәсіпорын басшылығына тікелей байланысты.
Осылайша, «ҚИДИ» АҚ қолдау көрсету құралдарының жүйесі – жоспарлау және идеялардың негіздемесінен бастап өндірістік процестерді жетілдіруге дейінгі жобаның толық тіршілік циклын қамтиды.