22 маусым күні Назарбаев орталығы ғимаратында Елбасы – Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті қорына қарасты Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның сра
Конференцияның ашылу салтанатында Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті кітәпханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжанов конференция қатысушыларын құттықтап алғы сөз сөйледі.
Конференция 2 сессиядан құралды:
- «Мемлекеттік және жеке меншік секторларына эксперттік қолдау көрсету процессіндегі Сараптамалық орталықтардың рөлі» атты пленарлық сессиясы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың модераторлығымен өтті. Іс-шара барысында ҚР Президенті баспасөз-хатшысының орынбасары Нұрлан Саханов, стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасарыОлжас Жораев, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ерлан Шамишев, Dasco Consulting Group атқарушы серіктесі және «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Меруерт Махмұтова баяндама жасады. Аталған пленарлық сессияда спикерлер сараптамалық қызметтерінің шетелдік провайдерлері алдында отандық орталықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері, «ойшылдар» орталықтарының тиімділігін арттыру тәсілдері, олардың міндеттері, өзекті мәселелері және дамуына қатысты тақырыптар талқыға салынды.
- «Халықаралық деңгейдегі Қазақстандық сараптамалық орталықтары: жеңістер және қорытындылар» пленарлық сессиясы ӘЭСИ Әлемдік экономикалық зерттеулер бағдарламасының басшысы Сергей Домниннің модераторлығымен өтті. Сессияда ҚР Президентіне қарасты Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Мәдина Нұрғалиева, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті міндетін атқарушы Елдос Нұрланов және ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Талғат Балқияев баяндама жасады. Сессия барысында спикерлер ҚР ойшылдар орталықтарының халықаралық деңгейдегі мықты және әлсіз тұстары, қазақстандық аналитикалық құрылымдардың Global Go TO Think Tank Index рейтингіндегі позициясын арттыру тәсілдері, ойшылдар орталықтарының Қазақстандық рейтингін және аналитикалық құрылымдардың қызметі сапасын арттыру үшін қажетті бағалаудың баламалық құралдарын қалыптастырудың маңызы бойынша мәселелер талқыланды.
Аталған конференция ӘЭСИ 15 жылдығына орай ұйымдастырылып, талдау орталықтарының мемлекеттік шешімдерді әзірлеу процессін сараптамалық сүйемелдеу шараларына, Қазақстандағы заманауи талдау қызметтері нарығын дамытуға арналды.