ҚИДИ: қазақстандық кәсіпорындар шығындары қайтарылуда

16 шiлде күні Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен Өскеменде өткен Инновациялар және жаңа технологиялар кеңесінде «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Болат Ж

16 шiлде күні Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен Өскеменде өткен Инновациялар және жаңа технологиялар кеңесінде «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Болат Жансүрігов баяндама жасады.

«Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы баяндамасында Болат Жансүгіров келесі мәселелерге назар аударды:

  • 2017 жылы «Технологиялық процесстерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды қайтару» құралы бойынша 52 өтінім қабылданып, 13 кәсіпорынның 80 млн. теңге көлеміндегі шығындары қайтарылды, 2018 жылдың 6 айы ішінде келіп түскен 20 өтінімнің 13 өтінімі бойынша 125 млн. теңге сомасында шығындардың орны толтырылды, олардың ішінде ШҚО бір кәспорын бар.
  • «Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды қайтару» құралы бойынша 2017 жылы 13 өтінім келіп түсті (алдыңғы жылдары жылына орташа 10 өтінімнен түсетін), 2018 жылдың 6 айы ішінде 11 өтінім келіп түссе, олардың 5 бойынша 166 млн. теңге сомасында шығындар қайтарылды.
  • «Кәсіпорын құзыреттілігін арттыруға жұмсалған шығындардың орның толтыру» құралы бойынша 2017 жылы 36 өтінім келіп түсті, 14 өтінім бойынша 102 млн. теңге көлемінде шығындар қайтарылды, 2018 жылдың 6 айы ішінде келіп түскен 12 өтінімнің 4 бойынша 27 млн. теңге көлеміндегі шығындар қайтарылды.

Сонымен қатар, Болат Жансүгіров өтінімдерді тапсыру процессін жеңілдету бойынша жоспарларымен бөлісті, атап айтсақ:

  • Өтініммен қосымша ұсынылатын құжаттар саның екі есеге азайту;
  • Шетелдік жұмыскерді тарту бойынша талаптардан басқа орындаушыларға қойылатын талаптардың барлығын жою;
  • Өтінімдерді қарау және шығындарды қайтарудың жалпы мерзімін 17-ден 12 жұмыс күніне дейін қысқарту;
  • Автоматтандыру рәсімдері аяқталғаннан кейін өтінімді электронды түрде тапсыру мүмкіндігі;
  • Мемлекет Басшысының 2018 жылғы Жолдауында көрсетілген өнеркәсіпті цифрландыру, өндірісте Индустрия 4.0 элементтерін енгізу барысында орын алған шығындарды қайтару құралдарының тізімін кеңейту.

«ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша аталған өзгерістер ағымдағы жылы енгізіледі деп жоспарлануда.

Отырысқа Шығыс-Қазақстан облысының 30 жуық кәсіпорыны қатысты.

  2017 жылғы 3 қазанда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға  және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету Ережелеріне енгізілген өзгертулер күшіне енді. Бұл өзгертулерге сәйкес:

  • Тарихи кезең 24 айға дейін ұлғайды;
  • Өтініш берушінің көтерген шығындарын қайтару сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды, тек кәсіпорын құзыреттілігін арттыруға жұмсалған шығындарды қайтару сомасы өзгеріссіз қалды,
  • Бұл құрал бойынша қолдаудың максималды сомасы 30 миллион теңге;
  • Қызмет көрсету барысында штаттағы және/немесе штаттан тыс бір маманның тартылуы жеткілікті;
  • *Бұл ретте бірқатар құралдарда техникалық немесе кәсіби білімі бар, қажетті еңбек өтілі дәлелденген мамандарды тарту көзделген;
  • Ережелер аясында технологиялық процесстерді жетілдіруді бойынша іске асырылатын қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді. Осылайша, өнім шығару процесстерін қамтамасыз ету, сүйемелдеу және басқару шараларына монтаждау және/немесе шеф-монтаждау шығындары енгізілді (бұған дейін тек шеф-монтаждау көзделген болатын).
  • Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік тәжірибелерді енгізу мақсаттары, сонымен қатар Ережелерге сәйкес өтінімге қосымша берілетін орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша есеп беру талаптары нақтыланды.

Туындаған сұрақтар бойынша келесі мекен жайға хабарласыңыз:

Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 19 қабат.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 983781, 983782 (вн.1029, 1027, 1059, 100).

Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ баспасөз қызметі.