Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің назарына!
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ),
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыру және аймақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриалық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетудің Ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес, индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт болып табылады және индустриалық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетеді.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қосымша толық ақпараттандыру мақсатында, «ҚИДИ» АҚ Ережелерге сәйкес ұсынылатын мемлекеттік қолдау шарттары бойынша ай сайын Ашық есік күндерін өткізетіні туралы хабарлайды. Отырыстарда «ҚИДИ» АҚ өкілдері қолданыстағы қолдау шаралары туралы толыққанды ақпарат беретін болады. Сонымен қатар, Сіздер мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарына, шығындарды өтеу бойынша өтінімдерді Ережелерге сәйкес ресімдеуге қатысты сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Ашық есік күндері әр айдың соңғы бейсенбісінде сағат 15.00-18.00 аралығында келесі мекен-жай бойынша орналасқан «ҚИДИ» АҚ кеңсесінде өткізілетін болады: Астана қ., Достық даңғылы, 18, «Москва» Бизнес-орталығы (19 қабат). Тамыз айында Ашық есік күні айдын 23 жұлдызында өтеді.
Кіру тегін. Шараға қатысу туралы өтінімдеріңізді келесі электронды пошталарға жолдауынызды сұраймыз: e.tapishev@kidi.gov.kz; d.urazalinova@kidi.gov.kz
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпаратпен www.kidi.gov.kz «ҚИДИ» АҚ ресми интернет-ресурсында таныса аласыз, туындаған сұрақтарыңыз бойынша жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша немесе келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 98 37 82, (вн. 100, 1029, 1027, 1059, 1054, 1008).