Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «ҚИДИ» АҚ жаңа басқарма басшысын таныстырды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «ҚИДИ» АҚ жаңа басқарма басшысын таныстырды

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Әбдіқадыров Әлішер Елісұлын таныстырды.

Ұсыным барысында Министр «ҚИДИ» АҚ алдына «қарапайым заттардың экономикасын» дамытуға және экспортқа бағдарланған индустрияландыруға бағытталған тиімді өнеркәсіптік саясатты іске асыру бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті. Әлішер Әбдіқадыров М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі болып табылатынын атап өтті. Еңбек жолын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бастаған, әр жылдары Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан қаласының индустриялық-инновациялық даму басқармаларына басшылық етті. Осы уақыт ішінде Әлішер Әбдіқадыров индустрияландыру бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдығын әзірлеуге, инвестиция тартуға, өнеркәсіп пен инновацияларды дамытуға белсенді қатысты. «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталған. Министр жаңа тағайындалған төраға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жинақтаған тәжірибесі, білімі мен кәсіби дағдыларын қолданатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Министр ұйымның бұрынғы басшысы Дана Бейсенқызы Жүнісоваға бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

 

Сондай-ақ министр «ҚИДИ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекмағамбетов Мұрат Маратұлын таныстырды.

Мұрат Бекмағамбетов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ Geneva Business School тәмамдаған.

Әр жылдары Duke University, University of California Berkeley, KUHNE Logistics University, E&Y, International Communication of school, DB International тағылымдамадан өтті.

15 жылдан астам «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін «Қазақстан темір жолы»  ҰҚ» АҚ Стратегиялар, GR және корпоративтік даму департаментінің директоры қызметін атқарған. «Қазақстан темір жолы»  ҰҚ» АҚ даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыру мәселелерін, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы заңнамалық қызметке жетекшілік еткен.