«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының жаңа Басқарма төрағасы сайланды
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы болып Берік Бекенов сайланды.
Бекенов Берік Темірғалиұлы 1980 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университетін, Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған. Мамандығы - инженер-механик, экономист. Түрлі жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің департаменттерінде қызмет атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Сараптама және жоспарлау орталығы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Анықтама:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ - 2010 жылы құралған «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның мұрагері.
«QazIndustry» ҚИЭО» еліміздегі өндірістік саясатты тиімді іске асыру мақсатында индустрияны дамыту, жергілікті мазмұн және технологиялық даму саласындағы төрт ұлттық институттың функцияларын біріктірді.
«QazIndustry» миссиясы халықаралық нарықта қазақстандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейту және өндірісті технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға саяды.