Экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша өтініштерді қабылдау басталды
2020 жылдың 12 наурызынан 01 маусымына дейінгі аралықта отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы - «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ шығындардың бір бөлігін қайтару бойынша өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.
Шығындарды өтеуге келесі түрлер жатады:
1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;
2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу бойынша шығындар;
3) шетел тілдеріне аударуға, әзірлеуге және мамандандырылған каталогты шетелде таратуға байланысты шығындар;
4) шетелдегі филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын және қойманы ұстауға арналған шығындар;
5) шетелде тауар таңбаларын (брендті) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;
6) шетелде тауарларды сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;
7) тауарларды темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігімен жеткізуге байланысты және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі шығындар.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны мен оған қоса берілетін құжаттар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 17, (Е блогы, 5 қабат, каб. 502 кеңсе) немесе www.export.gov.kz web-порталы арқылы. Анықтама телефондары: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі. 444).
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат web-порталда: www.export.gov.kz және сайтта www.qazindustry.gov.kz көрсетілген.