«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы” АҚ ҚР Президентінің Қазақстандағы төтенше жағдай енгізу туралы жарлығына байланысты ерекше жұмыс істеу режиміне өтеді.
Басқарма Төрағасының бұйрығы бойынша қызметкерлердің іссапарлары шектелді, барлық көпшілік іс-шаралардың күші жойылды, сонымен қатар толығымен электронды құжатайналымға көшірілді. Бұдан басқа, «Qazindustry» қызметкерлерінің бір бөлігі еңбек процесін қашықтықтан жүзеге асыруға өтті. Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу байланысты, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында карантинді енгізуге байланысты «Qazindustry» ғимаратында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша қатаң санитариялық шаралар қабылданған.
Ағымдағы қиын жағдайда бизнеске қолдау көрсету мақсатында «QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларды сыртқы нарыққа жылжытуға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдауды және консультация беруді жалғастырады.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту жөніндегі операторы бола отырып, «QazIndustry» АҚ 2020 жылғы 12 наурыздан 01 маусымға дейінгі кезеңде шығынның бір бөлігінің орнын толтыруға өтінімдер қабылдауды жариялады.
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігінің орнын толтыруға өтінімдер жыл бойы қабылданады. Мемлекеттік ынталандыру шарасының әкімшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.