ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша операторы бола отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу Ережелеріне сәйкес (бұдан әрі - Ереже) келесіні хабарлайды:
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 04-17/860-И хатына сәйкес ағымдағы жылғы өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 23 қарашаға дейін ұзартылды.
Өтінімдерді қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 17, (блок Е, 5-қабат, каб.502 (кеңсе) немесе www.export.gov.kz web-порталы арқылы, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі: 444).
Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат, Ережеге сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша құжаттардың толық тізбесі www.export.gov.kz web-порталында және www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.