КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!!! Еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі Қағидаларға өзгерістер енгізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 348 бұйрығымен қолданыстағы Қағидаға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

 

ü  мемлекеттік қолдау шараларын алуда бұрын шектеу болған өтініш берушінің мемлекеттік органдармен және ұйымдармен аффилиирленуіне қатысты норма алынып тасталды (Қағидалардың 3 -тармағы);

ü  өнімді (қызметтерді) ілгерілету мақсатында еңбек шарты немесе ақылы қызмет көрсету шарты бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға байланысты шығындарды өтеу көзделген (Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасы);

ü  қызметтер (жұмыстар) көрсетуге арналған шарттарда өтелетін және өтелмейтін шығындар бойынша қызметтер (жұмыстар) кешенін және көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актілерінде, шот-фактуралар мен төлем құжаттарында қызметтер (жұмыстар) құны/ақы төлеу қызметтер (жұмыстар) кешені үшін бір жолмен көрсетілген өтінімдер бойынша шығындарды өтеу көзделген. Бұл ретте, өтеу кезінде шартта көрсетілген өтелетін шығындардың сомалары ғана ескеріледі (Қағидалардың 29-тармағының 4), 5), 6) тармақшалары);

ü  шеф-монтаждау, монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және тәжірибелік үлгілерді дайындау шығындары бойынша (Қағидалардың 30-тармағының 4), 5) тармақшалары), сондай-ақ нақты орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) мүмкін болмаған кезде шығындарды өтеуге жол бермеу бойынша келтірілген шығындарды растауды және қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін шетелдік қызметкерді тарту бойынша (Қағидалардың 31-тармағы) құжаттардың тізбесі кеңейтілді);

ü  қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұрау мен өтініш берушінің өндірістік объектісіне бару құқығы қарастырылған (Ереженің 32-тармағы);

ü  көрсетілген қолдау шаралары шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығу құқығы көзделген (Қағидалардың 42-тармағы);

ü  "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы" көрсету көзделген (Қағидалардың 4-тарауы);

ü   Экономиканың басым секторларының тізбесінен ЭҚЖЖ кодтары алынып тасталды (09 - тау - кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер, 09.1 - Мұнай және табиғи газ өндіру саласындағы техникалық қызметтер, 09.10 - Мұнай және табиғи газ өндіру кезіндегі техникалық қолдау, 09.9 - тау – кен өнеркәсібі мен жер асты әзірлеудің өзге салалары үшін техникалық қолдау, 52-Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі, 61-Байланыс, 62- Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ілеспе қызметтер), себеб бұл ЭҚЖЖ-ы шеңберінде көрсетілетін қызметтер өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыруда тікелей әсер етпейтініне байланысты (Қағидалардың 1-қосымшасы);

ü  өтініш берушінің келесі қарсы міндеттемелері қарастырылған: өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кәсіпорын кірістерінің көлемін 10%-дан кем емес ұлғайту, салық аударымдарын кемінде 10% - ға ұлғайту (КТС бойынша), оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу кезеңі өзгертілді - өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісіне (актілеріне) қол қойылған сәттен бастап 2 жыл ішінде), сондай-ақ нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда өтініш берушінің алынған мемлекеттік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруы көзделген (Қағидаларға 4-қосымша);

ü  өтінім мен есеп нысандарына нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізілді (Қағидалардың 2 және 3-қосымшалары).

Жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып, еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі Қағидаларды www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің www.adilet.zan.kz сайтынан жүктеп алуға болады.