«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында қашықтықтан жұмыс нысанына ауысты.
Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қағаз тасымалдауышта шығыс корреспонденция қабылдау және оларға жіберу мүмкін болмай тұр.
Бұл іс-шаралар Қоғаммен тек «Documentolog» электрондық құжатайналым жүйесі, электрондық почта арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау тапсырмаларын уақтылы орындау, өтініштерді уақтылы қарау мақсатында Қоғам атына жазылған хаттарыңызды «Documentolog» ЭҚЖ арқылы немесе info@qazindustry.gov.kz электрондық адресіне (курьер қызметі арқылы емес) жіберулеріңізді сұраймыз (т. 8 701 999 3092).
Қоғам шығыс корреспонденцияны «Documentolog» ЭҚЖ арқылы немесе ресми сайттарда көрсетілген Сіздердің ұйымдарыңыздың электрондық адрестеріне тек электрондық форматта жіберетініндігін қосымша хабарлаймыз.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институттарының функциялары «Qazlndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ-дан «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ға берілді. Осыған байланысты технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институттарының функциялары, соның ішінде, инновациялық гранттар бойынша корреспонденцияны «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ға жіберу қажет.