Жақында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағының өкілдері үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша вебинар өткізді.
«Оңтүстік» АЭА оңтүстік өңірді жедел дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру және инвестициялар тарту мақсатында құрылды. АЭА аумағында жеңіл, химия және мұнай-химия салаларының шамамен 16 кәсіпорны жұмыс істейді.
Вебинар барысында «QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде кәсіпорындар шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуді алу шарттары мен тетігін түсіндірді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында енгізілген еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі Ережелерге енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, export.gov.kz және qazindustry.gov.kz порталдарында онлайн өтінім беру механизмі түсіндірілді және көрсетілді.
Вебинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға презентациялық материалдар мен вебинардың жазбалары электрондық мекенжайларға жіберілді.
Анықтама: «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша ҚР сауда және интеграция министрлігінің операторы, сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру бойынша операторы болып табылады және шығындардың келесі түрлерін өтейді:
отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша:
1) шетелде тауарларды жарнамалау;
2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу;
3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығару;
4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін және қойманы ұстау;
5) шетелде тауар таңбаларын (брендті) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу;
6) тауарлардың талаптарға сәйкестігі рәсімдеріне байланысты іс-шараларды өткізу (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа құжаттар);
7) тауарларды темір жол, автомобиль, әуе, теңіз көлігімен жеткізу және тасымалдауды ұйымдастыру.
Өтінімдерді қабылдау а. ж. 12 наурызынан 23 қарашаға дейін жүзеге асырылады.
еңбек өнімділігін арттыру бойынша:
1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);
2) технологиялық процестерді (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өндірістік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өндірістік сынау, инжинирингтік қызметтер және т. б.) жетілдіруге арналған шығындарды өтеу;
3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, 4.0 индустрия элементтерін енгізу);
4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу (лизинг және ТЭН алу үшін).
Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат Qazlndustry сайтында орналастырылады www.qazindustry.gov.kz.