Бүгін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ өкілдеріне, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері -өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды.
Вебинар барысында QazIndustry өкілдері еңбек өнімділігін арттыру кезінде және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі ережелерге енгізілген маңызды өзгерістер жайлы айтылды.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар беріліп, www.export.gov.kz және www.qazindustry.gov.kz порталдарында онлайн-өтінім беру механизмі түсіндірілді. Қауымдастық өкілдері өз кезегінде шығындарды өтеуді ұсынудың қолданыстағы тетігін одан әрі жетілдіруге, құжаттар пакетін оңтайландыруға және қолдаудың жаңа құралдарын енгізуге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Анықтама: «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша ҚР сауда және интеграция министрлігінің операторы, сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру бойынша операторы болып табылады және шығындардың келесі түрлерін өтейді:
отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша:
1) шетелде тауарларды жарнамалау;
2) шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу;
3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығару;
4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін және қойманы ұстау;
5) шетелде тауар таңбаларын (брендті) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу;
6) тауарлардың талаптарға сәйкестігі рәсімдеріне байланысты іс-шараларды өткізу (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа құжаттар);
7) тауарларды темір жол, автомобиль, әуе, теңіз көлігімен жеткізу және тасымалдауды ұйымдастыру.
Өтінімдерді қабылдау а. ж. 12 наурызынан 23 қарашаға дейін жүзеге асырылады.
еңбек өнімділігін арттыру бойынша:
1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);
2) технологиялық процестерді (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өндірістік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өндірістік сынау, инжинирингтік қызметтер және т. б.) жетілдіруге арналған шығындарды өтеу;
3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, 4.0 индустрия элементтерін енгізу);
4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу (лизинг және ТЭН алу үшін).
Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат Qazlndustry сайтында орналастырылады www.qazindustry.gov.kz.