Құрметті кәсіпкерлер!

22 шілдеде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бизнес өкілдері үшін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша екі арнайы вебинарлар өткізеді.

Біздің сарапшылар құжаттарды export.gov.kz және qazindustry.gov.kz порталдары арқылы онлайн берудің негізгі тетіктерін түсіндіреді.

Бірінші вебинар 22 шілдеде сағат 11:00-де өтеді және құжаттар пакетін қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру бойынша шығындарды өтеуге өтінім беру тақырыбына арналады.

Екінші вебинар 22 шілдеде сағат 15:00-де өтеді және құжаттар пакетін қалыптастыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға (экспорт) жылжыту бойынша шығындарды өтеуге өтінім беру тақырыбына арналады.

Вебинарлар ZOOM платформасында төмендегі сілтемелер бойынша өткізілетін болады:

сағат 11:00-де

https://us02web.zoom.us/j/8153421042?pwd=cUhnZHYzTWV4dUVLUnI1c0ZJNUowQT09

сағат 15:00-де

https://us02web.zoom.us/j/8153421042?pwd=cUhnZHYzTWV4dUVLUnI1c0ZJNUowQT09