Бүгін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Exim Artis» ЖШС өкілдері үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша вебинар өткізді.
Бұл компанияның негізгі қызметі көмір өнімдерінің бағалы сорттарын (кокстелетін және жоғары энергетикалық көмір) қайта өңдеу және сату болып табылады.
Вебинар барысында «QazIndustry» АҚ еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде кәсіпорындар шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуді алу шарттары мен тетігін түсіндірді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында енгізілген еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі Ережелерге енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, export.gov.kz және qazindustry.gov.kz порталдарында онлайн өтінім беру механизмі түсіндірілді және көрсетілді.
Вебинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға презентациялық материалдар мен вебинардың жазбалары электрондық мекенжайларға жіберілді.