«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының өкілдері және «Медициналық бұйымдарды өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша вебинарлар өткізді.
60-тан астам қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыру және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде кәсіпорындар шығындарының бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында енгізілген еңбек өнімділігін арттыру бойынша өтеу ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер таныстырылды.
Вебинар қатысушылары өз кезегінде шығындарды өтеуді ұсынудың қолданыстағы тетігін жетілдіруге, құжаттар пакетін оңтайландыруға, сондай-ақ қолдаудың жаңа құралдарын енгізу бойынша ұсыныстарын айтты.
Вебинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға презентациялық материалдар және вебинарды электрондық мекенжайларға жазу жіберілді.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ