Шығындарды өтеу. QazIndustry бизнеске арналған вебинарлар өткізді

«Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ алаңында бизнесті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша екі вебинар-кеңес өткізілді

 

Вебинарды «Қазақстанның Ұлттық лифтілер Қауымдастығы» мен «Қазақстан лифтілер одағы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне кіретін компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Жамбыл облысынан 35-тен астам өнеркәсіп кәсіпорындарынан қатысушы тыңдады.

 

Вебинарлар барысында ең өзекті мәселелер: кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және экспортты ілгерілету үшін мемлекет субсидиялаған шығындарды кәсіпкерлердің өтеуін алу шарттары мен тәртібі, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарды өтеу жөніндегі ережелердегі өзгерістер егжей-тегжейлі қаралды.

 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында нормативтік құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

 

QazIndustry өкілдері вебинар кезінде қатысушылардан келіп түскен барлық мәселелер бойынша құзыретті түсініктемелер берді.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпкерлерден шығындардың бір бөлігін онлайн-форматта өтеуге өтінім қабылдауды жалғастыруда.

 

Барлық мәліметтерді біздің www.qazindustry.gov.kz сайтынан көруге болады.