QazIndustry экономиканың өнеркәсіптік секторларындағы қазақстандық компанияларды «Сатып алушымен кездесуге» шақырады

Қазақстанда жеткізушілерді дамыту жобасы ( ҚЖДЖ) «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен, Атамекен ҰКП-мен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен әріптестікте 24 қыркүйекте Нұр-сұлтан қ.уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап ОНЛАЙН режимде осымен екінші рет өткізілетін «Сатып алушымен кездесу» шарасын ұйымдастырады.

 

Іс-шара трансұлттық корпорациялар мен экономиканың мұнай-газ, металлургия және тау-кен өндіру сияқты өнеркәсіптік секторларындағы ірі отандық сатып алушылар үшін өткізіледі.

 

Бұл іс-шара көпұлтты компаниялар тарапынан сатып алушыны іздеуде қазақстандық компаниялардың практикалық қолдауы болып табылады, сондай-ақ жаһандық жеткізілім тізбегіне жол ашады. ҚЖДЖ жобаға қатысатын жергілікті өнім берушілерге осы іс-шара үшін арнайы әзірленген онлайн-платформа арқылы халықаралық сатып алушылармен жеке кездесуге мүмкіндік береді, бұл оларға ірі компаниялардың сатып алу қажеттілігін көруге және іскерлік келіссөздерді бастауға мүмкіндік береді.

«Сатып алушымен кездесу» екінші онлайн іс-шарасының қатысушылары – бұл ҚЖДЖ-ны белсенді қолдайтын Қазақстанның жетекші көпұлтты компаниялары: RG Gold, KazMinerals, NCOC, KSP Steel, Kazakhmys, ТШО, ЛукОйл, КПО, ArselorMittal.

 

Іс-шараға қатысу үшін трансұлттық корпорациялар мен мұнай-газ, металлургия және тау-кен өндіру салаларының отандық ірі сатып алушылары, жеткізушілер тапқысы келетіндер, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері шақырылады, мұнда әркім қажетті компаниямен кездесу ұйымдастыра алады. Толық ақпарат https://sdpkmtb.talkb2b.net/ сайтында.

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ базасында жеткізушілерді дамыту қызметін қалыптастыру бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр, Қазақстанның шағын және орта бизнес әлеуетін зерттеу кезеңі өтіп, ШОБ мүмкіндіктерін іске асыру уақыты келді. «Сатып алушымен кездесу» – жүйе құрушы кәсіпорындарға отандық кәсіпкерлер өндіретін тауарлар мен қызметтер спектрін көрсетуге жасалған қадам», - деп атап өтті «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Өнеркәсіптік кооперация және өңірлік даму орталығының директоры Руслан Ибраимов.

 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 маусымында өткен бірінші онлайн іс-шара барысында ШОБ субъектілерімен 50-ден астам кездесу өткізілді. Сатып алушылар ретінде Karachaganak Petroleum Operating B. V., KAZ Minerals, North Caspian Operating Company, RG Gold ЖШС, Tengizchevroil сияқты компаниялар қатысты.

 

«Сатып алушымен кездесу» іс-шарасы КЖДЖ-ның шағын және орта кәсіпкерліктің  бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мақсат компаниялардың бизнесіне бағалау жүргізу, олардың жеке бизнесін жақсарту жөніндегі жоспарларды іске асыру, сондай-ақ ҚЖДЖ жеткізушілерін дамыту жобасына қатысатын қазақстандық шағын және орта кәсіпорындардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген халықаралық консультациялық қолдау мен оқыту семинарларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

 

Анықтама үшін:

ҚЖДБ - Euroconsultants S. A грек консалтингтік компаниясы іске асыратын жоба, оның негізгі бенефициары Ұлттық экономика министрлігі, ал негізгі серіктестері – «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Атамекен» ҰКП болып табылады.

Өнім берушілерді дамыту бағдарламасының мақсаты мұнай-газ, металлургия және тау-кен өндіру салаларында өнім өндіретін және қызметтер көрсететін қазақстандық шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жеткізу тізбектеріндегі олардың позицияларын нығайту болып табылады. Негізгі міндеттер шағын және орта кәсіпорындар мен Қазақстанда жұмыс істейтін ірі отандық және халықаралық корпорациялар арасындағы байланыстарды кеңейту болып табылады; сондай-ақ қазақстандық шағын және орта кәсіпорындарға Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетелдік және отандық компаниялар үшін сертификатталған өнім берушілер болуға мүмкіндік беру. ҚЖДБ шағын және орта бизнестің жекелеген субъектілерімен олардың жеткізілімдердің сапасы мен сенімділігі бойынша ірі сатып алушылардың талаптарына сәйкес келу қабілетін арттыру, сондай-ақ олардың ТМК және отандық ірі сатып алушылармен қарым-қатынасының дамуына ықпал ету мақсатында жұмыс істейді.

ҮЖДБ мақсаты Қазақстанда жұмыс істейтін трансұлттық корпорациялар үшін шок-ты бірінші таңдауға айналдыру болып табылады.

 

Жоба туралы толығырақ www.sdpk.kz сайтынан біле аласыздар.