«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері еңбек өнімділігін арттыруға және отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдері туралы ақпараттандыру мақсатында Алматы облысы мен Алматы қаласының 17 өнеркәсіптік кәсіпорнында кездесулер өткізді.
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «Ляззат 2016» ЖШС (сүт және қышқыл сүт өнімдерін қайта өңдеу), «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС (алюминий профилін өндіру зауыты), «Danone» ЖШС (йогурт, сүт өнімдерін өндіру), «ФУД ТАУН» ЖШС («Макдональдс» үшін нан-тоқаш өнімдері мен салаттар өндірісі), «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС (шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі), «Империя Фуд» ЖШС («Империя Фуд» ет өңдеу зауыты), «PCD Group» ЖШС (тазартылған майлар мен тоң майлар өндірісі), «Glasman Trade» ЖШС (өзге сыртқы киімдер өндірісі), «Талдықорған май экстракт зауыты» ЖШС (тазартылған майлар мен тоң майлар өндірісі) барды.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Metall.com» ЖШС, «ҚАЗГЕЕО Синтетика» сауда үйі» ЖШС (геосинтетикалық материалдар өндірісі, объектіде материалдарды жобалық сүйемелдеу және монтаждау), «EVO SHOES» ЖШС (аяқ киім өндірісі), «CITY STONE» ЖШС (Тасты кесу, өңдеу және өңдеу), «TECHNOKONT» ЖШС (электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі), «КазПромВент» ЖШС ( желдеткіш жабдықтарды өндіруші), «GREEN FOOD COMPANY» ЖШС (тамақ өнімдерін өндіру), «Мастер град» ЖШС (ағаш өңдеу, жиһаз өндірісі).
Кездесулер барысында бизнестің тауарларды ішкі нарықта жылжытумен және отандық шикізаттың жетіспеушілігімен байланысты проблемалары, сондай-ақ экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі Ережелерді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.
«QazIndustry» 2019-2020 жылдары Алматы облысының бірқатар кәсіпорындарының экспорттық шығындарын өтеді.
2019 жылы 12 кәсіпорыннан жалпы сомасы 456,3 млн. теңгеге 20 өтінім бойынша, 2020 жылғы 8 айда 12 кәсіпорыннан жалпы сомасы 408,2 млн. теңгеге 25 өтінім бойынша;
Алматы қаласының кәсіпорындарына 2019 жылы жалпы сомасы 756,7 млн.теңгеге 24 өтінім бойынша, 2020 жылғы 8 айда 11 кәсіпорыннан жалпы сомасы 502,1 млн. теңгеге 24 өтінім бойынша шығындар өтелді.
2019 - 2020 жылдар кезеңінде (8 ай ішінде) еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде "QazIndustry" Алматы облысының 9 кәсіпорнынан жалпы сомасы 93,7 млн. теңгеге 13 өтінім бойынша және Алматы қаласының 9 кәсіпорнынан жалпы сомасы 71,6 млн. теңгеге 14 өтінім бойынша шығындарды өтеген.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.