«Кәсіби қызметтер» секторын дамыту бойынша онлайн-конференция өтеді

2020 жылғы 6-13 қазан аралығында «QazIndustry» Казақстандық индустрия және экспорт орталығы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «кәсіби қызметтер» секторын дамыту бойынша онлайн-конференция ұйымдастырады.

 

Іс-шара жергілікті қамтуды дамытуға, отандық қызмет көрсетушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен құзыреттілігін арттыруға жәрдемдесу мақсатында өткізіледі.

 

Конференцияға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, тапсырыс берушілердің, жоғары оқу орындарының, отандық және шетелдік кәсіби қызмет көрсетушілердің өкілдері шақырылады.

 

Онлайн конференция бизнестің өзара іс-қимылы, жаңа серіктестер мен қызметтерді өткізу нарықтарын іздеу, сондай-ақ ірі тапсырыс берушілердің қызметтерін жеткізуші болу және отандық қызметтерді жеткізушілер үшін артықшылықтар туралы мәселелерді талқылау алаңына айналмақ.

 

Белгіленген оқыту бағдарламаларының негізгі аспектілері менеджменттің сапасын, отандық қызмет көрсетушілердің жоғары және орта буынының құзыретін арттырудан бастап, қаржы мен кадрларды басқаруды және бизнес-процестердің сапасын жақсартуға, бизнесті басқару және қолданылатын жаңа технологиялар мен цифрландыру мәселелерінде қосымша білім алуға, тұрақты сұранысқа ие мамандықтар шеңберіндегі мамандар туралы ақпарат алуға дейінгі кең ауқымды мәселелер бойынша қызмет көрсетушілердің өз компаниясын басқаруды жақсартуға бағытталған.

 

Бұдан бөлек, көрсетілген кезеңде жоғары оқу орындарының теориялық және практикалық тәжірибесі бар профессорлардың, кафедра басшыларының, техникалық ғылым кандидаттарының қатысуымен оқыту бағдарламалары онлайн режимде басталады. Спикерлер ретінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің, Халықаралық білім беру корпорациясының, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері сөз сөйлейді. Д. Серікбаева, «Тұран-Профи» кәсіби академиясы және Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты» өкілдері шақырылды.

 

Халықаралық және қазақстандық спикерлер – консультанттардың, ірі тапсырыс берушілердің және өз ісінде кәсіпқойлардың шетелдік өнім берушілерінің сөз сөйлеуі жоспарлануда, олар кәсіби қызметтердің бірқатар секторларында мастер-кластар өткізеді.

 

Отандық өнім берушілердің ірі тапсырыс берушілермен В2В кездесулері ұйымдастырылады.

 

Іс-шараға тіркелу үшін сілтеме  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfOg38-NX8noqq6YTNUEwNeD7lpT3gbQEh9XAG4YGByNPKg9A/viewform

 

 

Конференцияға қатысу және ынтымақтастық мәселелері бойынша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ хабарласуыңызды сұраймыз: С.Ахметбекова +77029997798, Б. Мылтықбаев +77015667886, И. Юнусбаев +77017770740.

Программа онлайн конференции 06-13 октября 2020 г