2017 жылдың 23 қарашасында «ҚИДИ» АҚ «Қазақстандық өнімді жасаймыз» тақырыбындағы форумға қатысты, осы шараны «Евразийская Группа» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals» тобы, «ГМК Казахслтын» АҚ және «Корпорация Казахмыс» ЖШС ұйымдастырды. Форум аясында «ҚИДИ» АҚ өкілі мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жағдайлары мен тетіктерін түсіндіріп өтті.
Қатысушылардың барлық қызықтыратын сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау туралы «ҚИДИ» АҚ-ның www.kidi.gov.kz ресми сайтының «Бизнесті қолдау» - «Өнімділік 2020» бөлімінде толық танысуға болады.