«Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: кәсіпорындардың еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы (әрі қарай – «ҚИДИ» АҚ-ы) «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл іс-шара Астанадағы Машинажасаушылар форумы аясында өткізілді.
Конференцияның жұмысына «NOKIA Казахстан» компаниясының, немістің «Fraunhofer» қолданбалы зерттеу институтының, SIEMENS AG неміс концернының бизнес-бөлімшесінің шетелдік сарапшылары, даму институтарының, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев өнеркәсіп саласына Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
«Өндіріске цифрлы технологияны енгізу отандық кәсіпорындардың үлкен жетістіктерінің бір болады. Мына жаһандық қарқынды бәсеке жағдайында Қазақстанға технологиялық тұрғыда артта қалып қалмау ғана емес, сонымен бірге, еңбек өнімділігін арттыру мен өнімнің кастомизациясы арқылы жаңа нарық кеңістігін жауалап алу маңызды»,-деп атап өтті А.Айдарбаев.
Конференция аясында отандық кәсіпорындардың еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мемлекеттік қөлдау шаралары және өндірістік процесстерін оңтайландыру, Индустрия 4.0 кадрларды дайындау туралы талқыланды.
«ҚИДИ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әлия Арестанбаева еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына еңгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады.
«ҚИДИ» АҚ қолдау шараларын ұсыну тетігі туралы «ҚИДИ» АҚ ресми сайтында www.kidi.gov.kz «БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ» - «Өнімділік-2020» бөлімі арқылы танысуға болады