Өңдеуші өнеркәсіп экспорты

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының экспортқа бағдарлануы – саланы дамытудың негізгі шарттарының бірі. 2019 жылы өңдеу секторының экспорты $15,8 млрд құрады (2009 жылы экспорт $12 млрд құрады). Оның ішінде металлургияға $10 млрд (65,7%), мұнай өңдеуге $1,8 млрд (12%), машина жасауға $1,2 млрд (7,9%), тамақ өнімдерін өндіруге $1,1 млрд (7,2%), химия өнеркәсібіне $0,9 млрд (5,8%) тиесілі.

Еліміздің экспортындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 27,3%-ды құрайды. Индустрияландыру жылдары өнеркәсіптің өңдеуші секторының кәсіпорындары экспорт географиясы 131 елге дейін кеңейді. Қазақстандық өнім Азияға ($6,6 млрд, 42%), ЕАЭО ($3,7 млрд, 24%), ЕО елдеріне ($2 млрд, 13%), ТМД елдеріне ($1,9 млрд, 12%), Америкаға ($0,7 млрд, 4%) экспортталады.

 

Индустрияландырудың 10 жылында өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорты фармацевтика өнеркәсібінде 3,9 есеге, машина жасауда 2,9 есеге, химия өнеркәсібінде 2,8 есеге, металлургияда 1,2 есеге өсті.