Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдарында елімізде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2009 жылғы 2,9 трлн теңгеден 2019 жылы 11,6 трлн теңгеге дейін 3,9 есе өсті. Елеулі өсім ИИДМБ және өңдеуші саланы қолдау шараларын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар есебінен қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібінің сала құраушы секторлары металлургия (42,9%), мұнай өңдеу (7,3%), машина жасау (12,7%), химия өнеркәсібі (4,1%) және тамақ өнімдерінің өндірісі (14,8%) болып табылады.
Индустрияландыру жылдарында өңдеу өнеркәсібі осы көрсеткіште құрылыс, сауда, көлік және қоймалау сияқты экономиканың көптеген секторларын басып озды. Осылайша, 2019 жылы өнеркәсіптің өңдеуші секторының өндіріс көлемі 11,6 трлн теңгені құрады, бұл өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 39,4% - ын құрайды.
Өндіріс көлемінің нақты өсімі 150,5% - ды құрады, бұл тау-кен өндіру өнеркәсібінің (125,2%) және жалпы өнеркәсіптің (133,7%) көрсеткішінен едәуір жоғары.