QazIndustry үш облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау шараларымен таныстырды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шарттарымен ақпараттандыру мақсатында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарында кездесулер өткізді.

 

Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «Мебель парк» ЖШС (жиһаз өндірісі), «ТД Аманат» ЖШС (макарон өнімдерін өндіру), «Композит Групп Казахстан» ЖШС (ауылшаруашылық техника өндірісі: тракторлар), «Қостанай МБИ» ЖШС «ДСК» зауыты (жабын плитасы, лифт марштары), «Romana-Групп» ЖШС (темірбетон бұйымдарын өндіру), «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (автомобильдер өндірісі), «Мибеко» ЖШС (қарақұмық өңдеу), «Фабрика» ЖШС (қарақұмық өңдеу), «Фабрика» тоқыма емес материалдар «S. M. F.» ЖШС (ұн өндірісі), «Қостанайэнерго» ЖШС (электр қалқаны жабдықтары мен металл жиһаз өндірісі), «Пластокно-Қостанай» ЖШС (ШЖҚ бұйымдар өндірісі), «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС (ет өнімдерін өндіру), «Жас-Қанат-2006» ЖШС (аралас, ет-жұмыртқа өндірісі) кездесті.

 

Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Каустик» АҚ (каустикалық сода өндірісі), «УПНК-ПВ» ЖШС (қыздырылған мұнай коксын өндіру), «Казциносфера» ЖШС (микросфера өндірісі), «Vector Pavlodar» ЖШС (алюминий дискілерін өндіру), «ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС (композиттік коагулянттар өндірісі), «Жандос-KZ» ЖШС (бидай ұнын өндіру), «Гринланд Инвест» ЖШС (күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы) (күнбағыс майы) «Сүт» АҚ (сүт өңдеу), «КЭММИ» ЖШС (макарон өнімдерін өндіру), «РубиКом» ЖШС (ет деликатестері, шұжық өнімдері), «Проммашкомплект» ЖШС (тұтас таптамалы теміржол дөңгелектерін, жөндеу жиынтықтарын, айқастырмаларды өндіру), «Проммаш КЗ» ЖШС (бағыттамалы бұрмаларды өндіру) және «R. W. S. Wheelset» ЖШС (теміржол осьтері мен доңғалақ жұптарын өндіру) кездесулер өткізілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «AVAGRO» ЖШС (ауыл шаруашылығы машиналарын жасау), «SOLTUSTIK RUBBER RECYCLING» ЖШС (резеңке техникалық бұйымдар өндіру), «SMBGROUP FAMILY» ЖШС (жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру) кездесулер өткізілді.), «MATEX (МАТЕКС)» ЖШС (Тоқыма және трикотаж шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру), «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС (қысқа сақталатын нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру), «ЗАГОТ ИНТЕР» ЖШС (еттен және ауыл шаруашылығы құс етінен өнімдер өндіру).), «РАДУГА» ЖШС (тамақ өнімдерін өндіру, шаруашылық мақсаттағы тауарларды өндіру, үйді жинау), «HIKMET LTD» ЖШС (ұн өндіру) тәрізді кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды.

 

Кездесулер барысында бизнестің тауарларды ішкі нарықта жылжытумен және отандық шикізаттың жетіспеушілігімен байланысты проблемалары, сондай-ақ экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі қағидаларға толықтырулар мен өзгерістерге қатысты мәселелер талқыланды.

 

Жалпы, QazIndustry Қостанай облысының кәсіпорындарына 2019-2020 жылдар кезеңінде (9 айда):39 кәсіпорынның 55 өтінімі бойынша жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге экспорттық шығындары өтеді.

 

Павлодар облысының кәсіпорындарына аталмыш уақыт шеңберінде 20 кәсіпорыннан 32 өтінім бойынша жалпы сомасы 266,8 млн теңгеге шығындар өтелді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарына 22 кәсіпорыннан 36 өтінім бойынша жалпы сомасы 1 049,1 млн. теңгеге экспорттық шығындар өтелді.

 

2019 - 2020 жылдар кезеңінде (9 ай ішінде) еңбек өнімділігін арттыру бағдарламасы шеңберінде QazIndustry Қостанай облысының 6 кәсіпорнынан жалпы сомасы 62,4 млн.теңгеге 11 өтінім бойынша, Павлодар облысының 8 кәсіпорнынан жалпы сомасы 64,8 млн. теңгеге 26 өтінім бойынша және Солтүстік Қазақстан облысының 4 кәсіпорнынан жалпы сомасы 8,8 млн. теңгеге 4 өтінім бойынша шығындарды өтеген.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпкерлерден шығындарды өтеуге онлайн-форматта өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ сайттан білуге болады www.qazindustry.gov.kz.