Мемлекет көмегімен сүт өнімдерінің көшбасшысы «ДЕП» ЖШС еңбек өнімділігін 20% - ға арттырды

«QazIndustry» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуді және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарды өтеуді жалғастыруда.

 

Жақында Қостанай облысындағы ірі сүт өңдеуші және сүт өнімдерін өндіруші «ДЕП» ЖШС-ның жабдықты монтаждау және іске қосу-баптау, сондай-ақ энергия аудиті бойынша шығындары өтелді. Компания еңбек өнімділігін 20% - ға арттыра алды. Қаражатты компания шикізат сатып алуға және өндірісті жаңғыртуға жұмсауды жоспарлап отыр.

 

Бүгінде компания ассортиментінде 100-ден астам табиғи сүт өнімдері ұсынылған. Өндірілетін өнімнің негізгі санаттарына: сүт, қойылтылған сүт, қышқыл сүт өнімдері, ірімшіктер, қаймақ, сүзбе өнімдері, биойогурт, балмұздақ және май жатады. Компанияның өнімділігі тәулігіне 100-150 тонна сүтті құрайды.

 

Мемлекеттік ынталандыру шаралары өңдеуші өнеркәсіптің орта және ірі кәсіпорындарына бағытталған. QazIndustry өтінімдерді  www.qazindustry.gov.kz сайтында онлайн форматта жыл бойы үздіксіз қабылдайды.

 

Жыл басынан бері 53 кәсіпорыннан келіп түскен 127 өтінім бойынша жалпы сомасы 211 млн.теңгеге шығындар өтелді.

 

Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

 

Аслан Бекбергенов

8 701 222 44 69

a.bekbergenov@qazindustry.gov.kz

Шоқан Суюнов

8 701 525 10 25

sh.suyunov@qazindustry.gov.kz

Рауан Мыңбаев

8 701 493 37 43

r.mynbayev@qazindustry.gov.kz

Жалмурзина Айсұлу

8 778 171 24 66

a.zhalmurzina@qazindustry.gov.kz

Ақбердиев Нұрсұлтан

8 707 863 90 80

 

n.akberdiyev@qazindustry.gov.kz