Кәсіпкерлер назарына!

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, еңбек өнімділігін арттыруда шығындардың бір бөлігін өтеу негізінде өтінімдерді шығындардың келесі түрлері бойынша қабылдауды жалғастыруда:

1)     кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);

2)     технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б);

3)     өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);

4)     индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу (лизинг пен ТЭН алу үшін).

 

Өтінімдерді қабылдау www.qazindustry.gov.kz интернет-порталы арқылы ЖЫЛ БОЙЫ онлайн жүзеге асырылады, кеңес алу үшін телефон: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі: 444).

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат, қағидаларға сәйкес еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі құжаттардың тізбесі www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.